Пайымды порция деген не?

Снекинг бүкіл әлемде ерекше танымалдыққа ие болып келеді. Снекинг деген не? Бұл жеңіл асқа арналған азық-түліктердің (снектер) санаты ғана емес, бұл дәмді, теңгерілген тамақтану ниетін және тамақ ішуден ләззат алуды сезінуге ұмтылысты біріктіретін, өнімдерді таңдаудың белгілі бір тәсілі.1


Саналы тамақтану – демек, сіз нені және қалай жейтіндігіңізге назар аудару. Бұл сіздің нені жегіңіз келетіндігін, сіз неліктен осыны жейтініңізді және бұл кезде сіз нені сезінетіндігіңізді саналы түрде таңдау.

Саналы тамақтанудың артықшылығы

Назар аударуды арттыру тамақтан барынша көп ләззат алуға көмектеседі.

  • Өмірінде болып жатқан оқиғалардың барлығына саналы қарайтын адамдар көбейіп келеді.

  • Кез-келген уақытта, кез-келген жерде – әркім өзі үшін тамақтанудың саналы тәсілін таңдай алады.

  • Зерттеулер саналы тамақтанудың денсаулыққа пайдасын дәлелдейді, және күн сайын жаңа мысалдар көбейіп келеді.

Бұл қалай жұмыс істейді

Саналы тамақтану тәжірибесін кез-келген уақытта, кез-келген жерде және кез-келген адам қолдана алады. Келесі жолы, сіз жеңіл ас жегіңіз келген кезде, өзіңізді тексеріңіз және өзіңізге үш сұрақ қойыңыз.

cookie-new-1

Неліктен менің жеңіл ас жегім келеді?

  • Сіз жеңіл асты күш-қуат қажет болғандықтан немесе қарныңыз ашқандықтан жейсіз бе?
  • Жеңіл ас жеу күн бойында үзіліс жасау үшін себеп болып табыла ма?
  • Өзіңіздің жеңіл асыңызды жеуді шештіңіз бе, әлде таныстарыңыздың шақырғанына бардыңыз ба?
  • Сіз өзіңізді еркелеткіңіз келе ме?

Сіз неліктен жеңіл ас жегіңіз келетіні туралы сұрақтың жауабы, өзіңіздің осы сәттегі қажеттілігіңізді қанағаттандыру үшін сізге не жеу керектігін таңдауға көмектеседі.

Мен не жегім келеді?

  • Тәтті немесе тұзды?
  • Жұмсақ немесе қытырлақ?
  • Ыстық немесе суық?

Тамақтанғыңыз келді деген шешімге келген кезде, асты порцияларға бөліңіз және әрбір кесекшеден барынша ләззат алу үшін, назарыңызды басқаларға аудармаңыз.Баяу жеңіз, тойғаныңызды уақытында сезіну үшін, уақыт өткен сайын үзіліс жасаңыз.

Мен қалайша тамақтан барынша ләззат ала аламын?

Барлық сезім органдарын қолданыңыз. Әрбір кесекшеден толығымен ләззат алу үшін, астың иісіне, дәміне, құрылымына, және түріне назар аударыңыз. Өзіңізден уақыт өткен сайын, сізге ұнай ма немесе тойдыңыз ба деп сұрауды ұмытпаңыз.

Асықпаңыз

Әрбір кесекшеге ерекше назар аударыңыз. Әдеттегіден ұзағырақ шайнаңыз.

Саналы тамақтану келесілерге алып келетіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген:

  • Азық-түлік өнімдерін саналы және ойланып таңдап алудың арқасында асқа деген оң көзқарасқа2
  • Сіз барлық сезім органдарыңыздан сигналдар алуға жаттыққаныңыздың арқасында, өмірге қанағаттанудың артуына3
  • Ашығу сигналдарына және тоқшылық сезіміне назар аударудың арқасында, көбірек теңгерілген тамақтануға және артық жеудің азырақ ықтималдығына.4
Көбірек білу

Саналы тамақтану және пайымды порциялар туралы ақпарат қаптамада

АДАМДАРДЫ ДҰРЫС СНЕКИНГКЕ ШАБЫТТАНДЫРАМЫЗ

Mondelēz International компаниясы тұтынушыларға сүйікті азық-түліктерден көбірек ләззат алуға көмектесуге ұмтылады.

Біз өзіміздің «Пайымды порция» бағдарламамызды әзірлеу және бекіту үшін, тамақтану және жүріс-тұрыс психологиясы саласындағы сарапшылардан кеңестер алдық.

Біз порциялық қаптамадағы немесе «Пайымды порция» арнайы таңбалануы бар қаптамадағы өнімдердің 100% портфолиосына жақындауды алдымызға мақсат етіп қойдық.5

Саналы тамақтану туралы ақпарат

Доктор Сьюзан Альберстің саналы тамақтану жөніндегі кеңестерін көріңіз

НУТРИЦИОЛОГТАР МЕН ҒАЛЫМДАРДЫҢ ПАЙЫМДЫ ТҰТЫНУ ТУРАЛЫ ПІКІРІН БІЛІҢІЗ

ЖЕРГІЛІКТІ БРЕНДТЕР ҰСЫНҒАН КӨБІРЕК НАҚТЫ АҚПАРАТТАР